Саясат

Тоқаев стратегиялық зерттеулер институтының директорын ауыстырды

Мемлекет басшысының өкімімен Зарина Шаукенованың орнына Еркін Тұқымов тағайындалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директорын ауыстырды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Зарема Каукенқызы Шаукенова Қазақстан Республикасының президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Оның орнына мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов тағайындалды.