НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Сенаторлардың төрағаның жаңа орынбасарын сайлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенаттың бүгінгі отырысында сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осы лауазымға депутат Ольга Перепечинаның кандидатурасын ұсынды.
Барлық депутат осы ұсынысты қолдады. Осылайша, Перепечина сенат төрағасының орынбасары лауазымына сайланды. Ол бірден президиумға өтіп, өз міндетіне кірісті.
Сондай-ақ, сенаторлар Перепечинан қаржы және бюджет комитетінің төрайымы лауазымынан босатып, осы қызметке депутат Серікбай Тұрымовты сайлап алды.
Айта кетері, мемлекет басшысының жарлығымен сенат төрағасының бұрынғы орынбасары Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.
Бүгін сенаторлар оған алғыс айтып, құрметпен шығарып салды.