Видео

Павлодарлық орманшылар аңшы тұзағына түскен итті құтқарды – видео

Үй жануары алдымен қашып кеткен, алайда біраз уақыт өткен соң құтқарушыларға қайта келді
Sputnik
Павлодарлық орманшылар браконьер тұзағына түскен итті босатты, деп хабарлады Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.
20 қаңтарда павлодарлық орманшылар қоян аулауға арналған қақпан тапты. Алайда олардың біріне ит түсіп қалған. Иттің ол жерде қанша уақыт отырғаны белгісіз. Орманшылар оны тапқан кезде қатты тоңып қалған. Босатқан кезде ол қашып кеткен, алайда артынша құтқарушыларға оралған.
"Павлодарлық орманшылар өз учаскесін бақылауды жалғастырады. Ақсу ауылында мемлекеттік орман қоры аумағында қызметкерлер үш қоянның терісін ұстап жүрген екі тәртіп бұзушыны ұстады", - деді Аждар Жүсіпов.
Бұған дейін Sputnik Қазақстан Павлодар орман шаруашылығының орманшылары Ертіс алқабында 70 астау орнатып, жабайы жануарларға азық беру бойынша жұмыс бастағанын хабарлады. Олар астауды шөп пен жемшөпке толтырады.