Қоғам

Нұр-Сұлтанда Холокостқа арналған көрме ашылды

Холокосты еске алудың халықаралық күні жыл сайын 27 қаңтарда аталып өтеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Бүгін 1945 жылы кеңес әскері миллионға жуық еврейдің өмірін қиған фашистік "Аушвиц" (Освенцим) концлагерін азат еткен күнге тура 77 жыл толды.
Холокостқа арналған көрме
Нұр-Сұлтандағы "Мәскеу" бизнес орталығында Холокост құрбандарын еске алу апталығына арналған "Сон разума" атты көрме ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Холокостқа арналған көрме
Көрмені Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі, "Мәскеу" бизнес орталығы және "Холокост" ғылыми-ағарту орталығы ұйымдастырды.
Холокостқа арналған көрме
Көрме "Пролог" және "Эпилог" деген екі бөлімнен тұрады. "Пролог" 1933 жылдың 10 мамырында Берлиндегі басты алаңдардың бірінде болған оқиға жайлы. Эрих-Мария Ремарктың, Максим Горькийдің, Эрнест Хемингуэйдің туындыларын студенттер, профессорлар, үй шаруасындағы әйелдер отқа тастап, жағып жіберді. Осылайша олар Германияны қорлайтын қажетсіз заттардан және кірден тазартпақ болды.
"Студенттерді өз кітапханасын тазартуға, содан кейін қоғамдық, мектеп және студенттер кітапханаларына барып, оларды жау деп танылған кітаптардан тазартуға шақырды", - дейді жоба кураторы, Орыс үйі мәдени бағдарламаларының жетекшісі Ольга Скальчук.
Холокостқа арналған көрме
Көрме экспозициясының екінші бөлімі – "Эпилог", онда фашистік концлагерьлер, 1937-1945 жылдар аралығында болған сұмдық оқиғалар баяндалады.
Холокостқа арналған көрме
Беларусь аумағындағы неміс оккупациясы кезінде 1941 жылдың 22 маусымы мен 1944 жылдың 28 шілдесі аралығында еврейлерді қудалап, қырып салды. Көрмені Беларусьтің Қазақстандағы елшілігінің консулы Екатерина Шелегова тамашалап, Беларусь елі бұл оқиғаларды естен шығармайтынын айтты.
"Холокост 3000" көрмесі
"Мәскеу" бизнес орталығындағы "Сон разума" көрмесі 26 ақпанға дейін жалғасады.