Қоғам

Байбек Nur Otan съезінің күн тәртібін жариялады

28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезін өткізу туралы шешім қабылданған болатын
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Nur Otan кезектен тыс XXI съезінің күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter парақшасында жазды.
"Nur Otan" саяси кеңесінің қаулысымен (жарғының 9.4. тармағына сәйкес) партияның кезектен тыс XXI съезінің келесі күн тәртібі бекітілді: 1. Партия төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы", - деп жазды Байбек.
Съезде Nur Otan партиясының қазіргі басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен босатылып, орнына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болады деп жоспарланған.
Айта кетері, Nur Otan партиясының XX съезі 2020 жылдың қарашасында өтті.
Бұған дейін 2022 жылдың 28 қаңтарында Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезін өткізу туралы шешім қабылданғаны хабарланды.

Оқи отырыңыз: