Өңірлер

Алматы полициясы "Safari Mebel" компаниясына алданғандарды іздестіріп жатыр

Күдіктілер тұтынушылардың сеніміне кіріп, тапсырыс бойынша өлшемдер жүргізіп, алдын ала төлем алған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Алматы полициясы “Safari Mebel” компаниясының құрбандарын іздестіруде, деп хабарлайды Polisia.kz.
 “Safari Mebel” компаниясының директоры И.есімді азамат әлеуметтік желіде өз қызметі туралы хабарландырулар орналастыру арқылы тұтынушыларды тартқан. 
"Күдіктілер тұтынушылардың сеніміне кіріп, тапсырыс бойынша өлшемдер жүргізіп, алдын ала төлем алған, тіпті оны өндіретін мүмкіндіктері болмаса да, жиһаз жасау мен орнатуға келісім-шарттар жасаған. Нәтижесінде, алданған азаматтар тапсырыс берілген жиһаздарын ала алмады. Олар тиісінше, төлеген ақшаны да қайтармаған", – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.
Қазіргі таңда осындай арызбен 30 азамат жүгінген. Жалпы материалдық шығын 15 миллион теңгеден асады.
"Осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар 8-707-834-83-33 Әділ Салаев, 8-777-250-68-37 Ерғали Ибраимов және 8-701-624-28-24 Қайрат Қасымбаев телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз", – дейді Рүстем Әбдірахманов.