Оқиға

Ақтауда ер адамды көлік басып қалды

Ол көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Алайда оның өмірін арашалап қалу мүмкін болмады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Ақтау қаласының іргесінде ер адамды көлік басып қалды, деп хабарлайды Lada.kz.
Қайғылы оқиға 21 қаңтарда жеке тұрғын үйдің ауласында болған.
25 жастағы ер адам көлігін жөндеу үшін аспалаққа асқан. Белгісіз себептермен көлік иесінің үстіне құлап, оны басып қалды.
Ер адам көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Алайда оның өмірін арашалап қалу мүмкін болмады. 
Оқи отырыңыз: