НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 16-25 қаңтар аралығында 42 миллиард теңгеден астам қаражат түсті.
"2022 жылдың 16-25 қаңтары аралығында (қоса алғанда) қоғамдық қорға 65 703 қазақстандықтан 39,1 миллион теңге түсті. 130 заңды тұлға мен ірі бизнесмендер 42,1 миллиард теңге аударды", - делінген қор хабарламасында.
20-25 қаңтар аралығында "Қазақстан халқына" қоры арқылы қайырымдылыққа елеулі үлес қосқандар:
Сондай-ақ бүгін Eurasian Resources Group қорға 30 миллиард теңге аударатыны белгілі болды.
Қор басшылығы барлық қаражаттың толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Қор орфандық және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.
Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, меценаттар мен немқұрайлы емес азаматтар "Қазақстан халқына" қоры шотына мына деректемелердің бірі бойынша ақша аудара алады: