Фото

Зәулім әрі мінсіз: әлемнің ғажайып қамалдары – фото

Бұл сарайлар мен қамалдар өздерінің сұлулығымен және көлемімен таңғалдырады. Сәулет өнерінің теңдессіз туындылары қайда орналасқаны жайлы толығырақ суреттер топтамасынан біле аласыз
Sputnik
Бұл керемет әрі әдемі ғимараттар әр түрлі мемлекетте орналасқан: олар Азиядан Еуропаға, Түркиядан Австрияға, Үндістаннан Тұманды Альбионға дейінгі географияны қамтып отыр.
Олар өздерінің өлшемімен, сұлулығымен, сәнімен, биіктігі және үйлесімділігімен тамсандырады.
Бұл рейтингте Франциядағы Шамбор сарайы, Күншығыс еліндегі Император сарайы, Үндістандағы Майсур сарайы, Австриядағы Шенбрунн сарайы, Қытайдағы Тыйым салынған Гугонг қаласы атты сарай кешені, Түркиядағы Топкапы сарайы, Ұлыбританиядағы Кенсингтон сарайы, Франциядағы Папа сарайы, Германиядағы Нойшванштайн сарайы және Таиландтағы Бангкок Үлкен сарайы бар. 
Архитектура және құрылыс саласындағы мамандар бұл нысандар "алтын қима" принципі бойынша тұрғызылған мінсіз қамалдар екенін айтады. Алтын қима – бұл әмбебап композиция түзетін ортақ пропорция ережесі. Мамандар осы ғимараттарға аталған принцип бойынша өлшем жүргізген.
Ең үздік 10 салтанатты сарай туралы толығырақ суреттер топтамасынан көре аласыздар.
1 / 10
Франциядағы Шамбор сарайы.
2 / 10
Майсур сарайы немесе Амба Вилас сарайы, Үндістан.
3 / 10
Бейжіңдегі алып сарай.
4 / 10
Ыстамбұлдағы Топкапы сарайының кіреберісі.
5 / 10
Германиядағы Нойшванштайн сарайы.
6 / 10
Венадағы Шенбрунн сарайы.
7 / 10
Токиодағы Император сарайы.
8 / 10
Авиньонадағы Папа сарайы, Франция.
9 / 10
Үлкен сарайдағы Пхра Тинанг Чакри Маха Прасат ғимараты, Бангкок.
10 / 10
Лондондағы Кенсингтон сарайы.