Саясат

Тоқаев тарихта алғаш рет өтетін саммитке қатысады

Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтуды қарастырады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. 27 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Орталық Азия – Үндістан" атты саммитке қатысады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 
Жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді.
Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды.
Жиын қорытындысы бойынша "Орталық Азия – Үндістан" атты бірінші саммиттің декларациясы қабылданады деп күтілуде.
Оқи отырыңыз: Тоқаев жаңа Қазақстанды қалай құрады – президенттің маңызды бастамалары