АЛМАТЫ, 26 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 27 қаңтардан бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады, деп хабарлады елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
"Терроризммен күрес жөніндегі штаб Нұр-Сұлтан қаласындағы жағдайдың тұрақтанғанын хабарлайды. Қабылданған шешімге сәйкес, қала аумағында 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады", - делінген хабарламада.
Штаб күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшкенін хабарлады. Терроризммен күрес жөніндегі штаб азаматтарға түсіністік пен азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтты.