Өңірлер

Ақтау әкімінің қайда екені мәлім болды

Қала тұрғындарының айтуынша, ол жаппай наразылық акциялары басталғалы бері көрінбей кеткен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Ақтау қаласының әкімдігі Нұрдәулет Қилыбайдың 12 қаңтардан бастап денсаулығына байланысты демалысқа шыққанын хабарлады.
Оған дейін қала басшысы жұмыс орнында болған. Lada.kz басылымына әкімге қатысты сұрақта жиі түсе бастады.
Қала тұрғындары Қилыбайдың қайда жүргенін сұрайды. Көбісі жаппай наразылық акциялары басталғалы бері әкімнің көрінбей кеткенін жеткізді.
Әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Нұрдәулет Қилыбайдың коронавирустық инфекцияны жұқтырғаны анықталған. Соған байланысты 12 қаңтардан бастап денсаулығына байланысты демалысқа шыққан. Ал 3-11 қаңтар аралығында жұмыста болды.
"Әкім 26 желтоқсаннан бастап 10 қаңтарға дейін жыл сайынғы демалыста болған. Алайда 3 қаңтарда газ мәселесінен туындаған жағдайға байланысты оны жұмысқа шақыртып алды. 3-11 қаңтар аралығында әкім қызмет орнында болған. Ал 12 қаңтарда коронавирусқа ПТР-тестің оң нәтижесі келді. Осыған байланысты денсаулығы бойынша демалысқа шықты", - дейді әкімдік мамандары.
26 қаңтарда қала әкімі өз міндеттерін атқаруға кіріседі.