Қоғам

Қазақстан кеденде тәртіп орнатып жатыр – Тоқаев

Біраз бұрын Қазақстан президенті кеден шекарасындағы жұмысты сынға алып, бұл былықты реттеуді тапсырды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар — Sputnik. Қазақстан кеден шекарасында тәртіп орнатып жатыр, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Біз кеден шекарасында тәртіп орнату бойынша тиімді жұмыстарды бастадық. Сонымен қатар заңсыз әрекет арқылы бизнес үшін түрлі кедергі келтірген кәсіпкерлермен күрес жүргізіп жатырмыз. Заңға қайшы мұндай әрекеттерге қарсы бағытталған жұмыс жақын уақытта нәтижесін береді деп сенемін", - деді Тоқаев "Орталық Азия – ҚХР" онлайн саммитінде.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда мәжілісте сөз сөйлеп, кеден шекарасында, әсіресе Қытаймен шекарадағы былықты ретке келтіруді тапсырды.
Тоқаев кедендегі машиналар тексерілмейтінін және салық төленбейтінін айтты.
Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының онлайн саммиті дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай өтіп жатыр.
Саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.