Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "ҰҚШҰ бітімгерлері: посткеңестік кеңістіктегі ықтимал қақтығыстар жағдайында қорғаныс және жедел әрекет ету" деген тақырыпта видеокөпір басталды.
Нұр-Сұлтан, Мәскеу, Бішкек, Ереван және Минск журналистері ҰҚШҰ-ның бұрынғы бас хатшысы, Еуразиялық ақпараттық-сараптамалық консорциум үйлестіру кеңесінің қазіргі басшысы Николай Бордюжа мен Федерация кеңесі халықаралық істер комитетінің өкілі Григорий Рапотаға сұрақ қойып жатыр.
Спикерлер ҰҚШҰ-ның Қазақстандағы бітімгершілік миссиясының қорытындысын талқылайды, сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі қауіпсіздік проблемаларын және оны қамтамасыз етудегі ұйымның мүмкіндіктерін қарастырады.
Қаңтар айының басында Алматыда бейбіт митингінің соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-дан көмек сұрағаннан кейін Қазақстанға 2 мыңнан аса әскер мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетті.
19 қаңтарда бітімгершілік операциясы аяқталды. Қазіргі таңда бүкіл әскери контингент елден толық шығарылды.