Биылғы қысқы Олимпиада шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мерекелеумен тұспа-тұс келіп отыр.
Бұл мерекеде түрлі қойылымдар қойылып, отшашу ұйымдастырылады және бірнеше күнге созылатын дәстүрлі іс-шаралар өтеді.
Олимпиаданың ашылу салтанаты кезінде ауқымды спорт шарасы өтетін елдің тарихы мен дәстүрі таныстырылуы керек. Аспан асты еліндегі ұлттық мәдениеттің негізгі көрінісі – бұл дәстүрлі қытай операсы.
Ол сөз шешендігі мен ән салу шеберлігін, хореография, акробатика және жауынгерлік өнерді қамтитын театр өнерінің бір түрі болып саналады.
Қытай операсының барлық көрінісі көпғасырлық тарихты қамтып жатыр және ол Аспан асты елінің байырғы тұрғындарының дәтүрі мен тұрмыс-тіршілігін айшықтайды.
Қытай операсының сахна сыртынан түсірілген суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.