Қоғам

KEGOC Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда неге жарық өшіп қалғанын түсіндірді

Оператор мәліметінше, жарықтың өшуіне Өзбекстан мен Қырғызстанда туындаған апатты теңгерімсіздік себеп болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. "KEGOC" АҚ Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда электр энергиясының өшу себебін атады. 
2022 жылдың 25 қаңтарында сағат 11.59-да (Нұр-Сұлтан уақытымен) Орталық Азияның (Өзбекстан, Қырғызстан) энергия жүйесінде туындаған айтарлықтай апатты теңгерімсіздік салдарынан 500 кВ "Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі" электр энергиясы транзитінде электр қуаты күрт ұлғайды.
Салдарынан "Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі" транзиті апатты түрде бөлініп, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың басым бөлігі жарықсыз қалды.
Шектеу көлемі шамамен 1500 мегаваттты құрайды.
Қазіргі таңда оператор апатты жою шараларын қабылдап жатыр, деп мәлімдеді компания.