НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазба жариялап, өзіне қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты.
"Баршаңызға осындай заңсыз, біржақты тергеу барысы кезінде маған көрсеткен шынайы қолдауларыңыз үшін өзімнің және отбасымның атынан алғысымды білдіремін. Менің кінәсіз екеніме сенгендеріңіз мен үшін теңдессіз және өте маңызды моральдық көмек! Осы уақытқа дейін адвокаттарыммен бірге өзімнің ақ және кінәсіз екенімді дәлелдеуге тырыстық. Алайда біздің айтқан уәжімізді, келтірген деректерімізді тергеуші орган, қадағалаушы прокурорлар, тергеу соттары мүлдем елеген жоқ", - деп жазды ол.
Айтуынша, ертең, 26 қаңтарда сағат 15:30-да сот отырысы басталады.
"Заңдылық пен әділдікке жететінімізге сенімдіміз! Қадірлі достар, ашық режімде өтетін сот отырыстарына қатысуға баршаңыздың құқығыңыз бар. Ешқандай сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаныма көздеріңіз жетеді. Тағы бір мәрте сенгендеріңіз үшін шын жүректен ыстық ықыласымды білдіремін!", - деп қосты ол.