Қоғам

Көлікке жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы қайта іске қосылады

Бағдарлама қоғамдық көлікті, соның ішінде автобус паркін жаңарту мүмкіндігін де қарастырады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жаңа көлікке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы қалпына келтіріледі.
Бағдарлама қоғамдық көлікті, соның ішінде автобус паркін жаңарту мүмкіндігін де қарастырады.
Бұл туралы "Хабар" арнасындағы "Большая неделя" бағдарламасында индустрия және инновациялық даму министрі Марат Қарабаев айтты.
"Оператор РОП" қызметі тоқтатылып, "Жасыл Даму" АҚ-на берілгеннен кейін үкімет қаржыны жеңілдетілген автонесилеу бағдарламасын жандандыруға бағыттау мүмкіндігін қарастырып жатыр", - деді ол.
Оның сөзінше, көлікті алғашқы жарнасыз 4 процентпен сатып алу мүмкіндігі қарастырылады.
Сонымен қатар Қарабаевтың айтуынша, отандық көлікті жеңілдікпен сатып алу үшін ваучерлер беру бағдарламасы да жасалуы мүмкін.
Жеңілдетілген бағдарламаның шарттары жуықта өтетін сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысатын кеңесте талқыланады.

Оқи отырыңыз: