Өңірлер

Ақтөбеде аса қауіпті қылмыскер қамаудан қашып кетті

Бұл туралы әлеуметтік желіде хабарланды. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе қаласының тергеу изоляторынан аса қауіпті қылмыс жасады деген күдікке іліген ер адам қашып кетті, деп хабарлады aktobe_zello.
Қашқын күдіктіге бағыттама
23 қаңтар күні шамамен сағат 6:00-де 1973 жылы туған М.Айтқалиев қамаудан қашқан.
49 жастағы Мұрат Айтқалиев адам зорлауға және өлтіруге оқталу әрекеті үшін қамауға алынған. Тергеу изоляторынан медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген. Жедел жәрдем ауруханасынан дәрі тамызғыштың құттысын ұстап қашқан.
Ерекші белгілері: күңгірт түсті свитер (кеуде тұсында және жеңінде ою-өрнегі бар), сұр футболка, қара түсті трико және қара түсті туфли киген.
Бүгін қалалық полиция департаменті қылмыскердің әлі табылмағанын хабарлады.