Фото

Өткен ғасырдағы сән мен сұлулық: ішік киген танымал жұлдыздар – фото

Жұлдыздар мен танымал тұлғалар әркез ішік пен қымбат теріден тігілген сырт киімді жоғары бағалаған. Себебі бұл дәулет пен жоғары талғамды айшықтаудың мінсіз әдісі болды
Sputnik
Актриса Мэрилин Монро, Диана ханшайым, Одри Хепберн мен басқа да жұлдыздардың ішік киген суреттерін біздің топтамадан тамашалай аласыздар.
Табиғи теріден дайындалған ішік пен сырт киім әркез қоғамдағы мәртебені, дәулет пен сұлулықты сипаттады. Ал қазіргі қоғамда мұндай киім киген адам сөгіс естіп, жануарларға қатысты аяусыздықты қолдағаны үшін басы дауға қалатыны анық.
Алайда жарты ғасыр бұрын қыз-келіншектер жақсы пішілген ішік, теріден тігілген берет, муфта мен жағалы киім үшін қолындағының бәрін беруге дайын болды. Мұндай таңдаулы киім арқылы олар өздерінің сұлулығын паш етіп, ер адамдардың есін кетіргені анық.
Жануарларды қорғаушылар табиғи терінің қолданылуына қарсы шығып, әлемді бұдан бас тартуға шақыруының жөні бар. Бірақ теріден тігілген киімдер өткен ғасырда қыз-келіншекке ерекше сән бергенін жоққа шығаруға болмас.
Sputnik дайындаған суреттер топтамасынан ХХ ғасырдағы нәзік жандылар ішек пен жағалы киімді қаншалықты жоғары бағалағанын көре аласыздар. Олардың қатарында Мэрилин Монро, Одри Хепберн, Марлен Дитрих, Жаклин Кеннеди, Джейн Фонда, Мадонна мен басқа да танымал тұлғалар бар.
1 / 12
Мэрилин Монро, 1959 жыл.
2 / 12
Диана ханшайым Германиядағы сауда орталығына барған сәт, 1987 жыл.
3 / 12
Актриса Джейн Фонда Парижде, 1967 жыл.
4 / 12
Америкалық актер Стив Маккуин мен оның әйелі актриса Али Макгроу, 1973 жыл.
5 / 12
Ұлыбританияның танымал моделі Твигги Лондон әуежайында, 1974 жыл.
6 / 12
Актриса Одри Хепберн күйеуімен бірге Римдегі ақ ұлпа қарды қызықтап отыр, 1956 жыл.
7 / 12
Актриса Марлен Дитрих Калифорнияда, 1938 жыл.
8 / 12
Әнші әрі актриса Мадонна Голливудта, 1996 жыл.
9 / 12
Актриса Брижит Бардо Францияда қонған ұшақтап түсіп келеді, 1965 жыл.
10 / 12
Әнші Шер Лондон әуежайында, 1999 жыл.
11 / 12
Жаклин Кеннеди АҚШ президенті болып сайланған күйеуі Джон Кеннедимен бірге Ақ үй жанында көліктен түсіп келе жатыр, 1961 жыл.
12 / 12
Актриса Грейс Келли джип үстінде отыр, 1953 жыл.