НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Алматылық тергеуші Ербол Нұрманов Baigenews.kz-ке берген сұхбатында полиция неге әкімдік ғимаратын қорғай алмағанын айтып берді.
Басшылық Алматыда бейбіт митинг өтетінін хабарлаған. Сондықтан полицейлерге өзімен бірге қару алмауға және таяқшаларды пайдаланбауға нұсқау берілген. Ол кезде алаңға небәрі 60-70 адам жиналды, бірақ біраз уақыттан кейін алаңға екі мың наразылық білдіруші келген.
"Бізге қалқандарды мықтап ұстап, күту керек деді. Алаңдағы адамдар бір-бірімен қол алысып: "Біздің жағымызға өтіңдер!", "Біз біргеміз" деді. әнұранның сөздерді айқайлап айтты. Әйелдер де, ер адамдар да болды, олардың арасында мас адамдар да аз болмады. Алаңға адам толып кетті", - деді ол.
Ербол Нұрманов күтпеген жерден митингіге мопедпен тамақ жеткізушілер келген. Олардың басында каска болған, олар жиылғандарға қолдау білдіріп, желеу берген. Кейінірек кейбір адамдар полицияны қорқытуға тырысты. Тағы біраз уақыттан соң полицейлердің қалқанын тарта бастаған.
"Шабуылдаушылардың қолында тротуар плиткалары мен "Молотов коктейлі" болды. Бізде қалқан мен каска болғаны жақсы еді. Біз бір-бірімізге: "Қорғанысты сақтаймыз!" дедік. Дубинкаларымызды шығарған жоқпыз. Кейбір адамдар біздің жігіттерімізді өзіміздің қалқандармен ұра бастады. Біз қару алған жоқпыз ғой. Бұл бейбіт митинг екенін айтқан болатын", - деді Нұрманов.
Алматы трагедиясы барша қазақстандықтарды есеңгіретті. Ең үлкен мегаполисінде бүлік бірнеше күнге созылды . 2022 жылдың 4 қаңтарында кешке "Алматы Арена" спорт сарайының жанындағы бейбіт наразылық акциялары ретінде басталып, мегаполис орталығына дейін жетті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, әкімшілік ғимараттарды басып алу әрекеті кезінде 225 адам қаза тауып, 4 353 адам жарақат алған.