Өңірлер

Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

24 қаңтарда елдің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. 24 қаңтарда елдің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады. Қазгидромет дабылды ескерту жариялады. 
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында тұман түседі.
Түнде Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Петропавл қаласында да тұман күтіледі.
24-26 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.