Оқиға

Алматыда құрылыс краны құлады – бір адам көз жұмды

Төтенше жағдай Таугүл-1 шағын ауданындағы құрылыс алаңында болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлері
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар - Sputnik. Алматыда құрылыс краны құлады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгерлер.
49 жастағы краншы көз жұмды
Мұны жақын үй тұрғындары жер сілкінісі сияқты дүмпу сезінген. Нысан Таугүл-1 шағын ауданында орналасқан.
Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына полиция мен дәрігерлер келді.
Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 49 жастағы краншы көз жұмған.
Кран құлағанда жақын үй тұрғындары жер сілкінісі сияқты дүмпу сезінген
Бүгін Алматыда жел жоқ - 0,83 м/с.