НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар - Sputnik. Instagram әлеуметтік желісінде Әлия Назарбаеваның парақшасы қайта пайда болды.
Ол 13 қаңтардағы жазбасына пікірлерді жапқан болатын. Кейін парақшасын толықтай жойып жіберді. Бірақ біржолата емес, небәрі 10 күнге алып тастағаны белгілі болды.
Ол өзінің суретін емес, парсы философы Омар Хайямның қанатты сөздерін жариялады.
"Өміріңде бәрі жақсы болған кезде Құдайды есіңе ал, сен қиын жағдайға тап болғанда Ол сені еске түсіреді", - делінген.
Назарбаеваның 13 қаңтардағы жазбасы Дубайда жазылған болатын. Ал бұл жолы Қазақстанда жазылған.