Қаңтар оқиғасы

Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген камералар қалпына келтірілді

Қазіргі уақытта бейнекамералар мен қондырғылар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген бейнебақылау камералары қалпына келтірілді, деп хабарлады полиция департаменті.
4-7 қаңтары аралығындағы тәртіпсіздіктер кезінде 75 "Сергек" кешені, бұл 304 бейнекамера, сондай-ақ, РТРК ғимаратында орналасқан орталық байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шығарылды.
Барлық зақымдалған камералар мен жабдықтар қалпына келтірілді.
Жеке жүйесі бар 1 мың 103 камераны қамтитын "Бейнебақылау жүйелері" жобасы бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ, шкафтар мен тарату жабдықтары істен шыққан.
Қазіргі уақытта бейнекамералар мен қондырғылар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Оқи отырыңыз: "Менің үйім емес, өртене берсін": алматылық әйел бүлік болған күнді еске алды