НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Ленинград облысында крещение кезінде суға түскен әйел батып кетті, деп хабарлады РИА Новости.
Әйел 19 қаңтарда Оредеж өзінен түскен.
"Суға түсу кезінде оны ағын алып кетті. Өзеннің дәл осы бөлігінде ағын қатты. Оның денесі іздестіріліп жатыр", - делінген ақпаратта.
40 жастағы әйел балалары мен күйеуінің көз алдында су астына кетті.
Бұған дейін әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тараған болатын.