Өңірлер

Атырауда 9 жастағы бала жоғалып кетті

Баланың аты-жөні Еппили Саяли Аннанд Раон. Үстіне қара сұр күртеше және көк түсті бас киім киген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Атырауда 9 жастағы бала жоғалып кетті. Ол інісімен аулаға ойнауға шығып, үйіне оралмаған, деп хабарлады "Ақ жайық".
Балалар 22 қаңтарда түскі үш кезінде Балықшыдағы үйлерінің ауласына шыққан. Сағат алтыда үйіне оралған інісі ағасының әрі қарай ойнауға кеткенін айтқан. 
Бала біржарым сағаттан оралмаған соң ата-анасы полицияға жүгінген. 
Баланың аты-жөні Еппили Саяли Аннанд Раон. Үстіне қара сұр күртеше және көк түсті бас киім киген.
Сағат таңғы 5.30-да іздестіру жұмыстарына құтқарушылар қосылды.
Қазіргі күні олар Балықшы шағын ауданында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар сүңгуірлер Перетаска арнасының түбін шолуға кірісті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, іздестіру жұмыстарына 17 адам мен үш техника жұмылдырылған. 
Баланы көрген-білгендер болса полицияға немесе мына нөмірге хабарласуға болады:  +7 778 586 1956.