Өңірлер

Алматыда жер сілкінді

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.0, магнитудасы - 3,1. Тереңдігі - 10 шақырым
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінді.
Білім және ғылым министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін 16 сағат 01 минут 45 секундта тіркеді.
Дүмпу ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 9,9 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.0, магнитудасы - 3,1. Тереңдігі - 10 шақырым.
Оқи отырыңыз: Су тасқыны, жер сілкінісі, өрт: 2021 жылы әлемде болған ірі апаттар – фото