Қаңтар оқиғасы

Алматы трагедиясы: қаңтар оқиғасының хроникасы – видео

Алматы трагедиясы туралы көп айтылды. Бірақ сол қорқынышты күндерден бері екі апта өтсе де, жауаптан гөрі сұрақ әлдеқайда көп
Sputnik
Қазақстандық телеарналардың бірі деректі фильмде куәгерлердің, журналистердің, полицейлердің, сыртқы бақылау камераларының және басқа да дереккөздердің кадрларын жинап, болған оқиғаның өз нұсқасын жариялады.
Фильм авторлары қазақстандықтар Тәуелсіздік алғаннан кейін 90-шы жылдарды, гиперинфляцияны, түрлі дағдарысты бастан өткергенін айтады. Алайда қаңтардағы қайғылы оқиғаларға дайын болмаған.
Жобаны дайындаған журналистер бұған дейін мемлекет басшысы айтқан мәселелерді көтерген: неге ешкім уақытында жағдайды шеше алмады, құрбандар болмауы үшін не істеу керек еді және бұл жағдай ешқашан қайталанбауы үшін не істеу қажет?
Сол қорқынышты күндерден бері екі апта өтсе де, жауаптан гөрі сұрақ әлдеқайда көп.
Толығырақ видеодан көріңіз.