НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі 2021 жылдың 21 қаңтарында Қырғыз Республикасының мыртқы істер министрлігіне Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің консулы шақырылғанын хабарлады.
Консулға Қырғыз Республикасының азаматы Сыдықовқа қатысты нота берілді. Онда "Қазақстан Республикасы құқыққорғау органдарының жекелеген қызметкерлерінің әрекеттеріне қырғыз тарапының алаңдаушылығы көрсетілген. Қызметкерлер азаматтың денсаулығына ауыр зиян келтірген заңсыз іс-әрекеттерді қолданған" делінген.
Қырғызстан СІМ оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, барлық кінәлі лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту керектігіне назар аударды. Мұқият әрі объективті тергеу жүргізу және Сыдықовтың денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін өтемақы төлеу қажеттігі жазылған.
Сыдықов құқыққорғау органдарының қызметкерлері оны ұстау кезінде күш қолданғанын айтты. Ер адам Қазақстанда жиһаз құрастыру ісімен айналысқан.