Фото

Қанаттылар шоуы: қараторғайлар аспанда таңғажайып суреттер салады – фото

Әр қыс сайын шамамен бір жарым миллиард қараторғай Шығыс Еуропадан оңтүстікке қоныс аударады. Осы шақта фотографтар жыл құстарының аспандағы әсерлі биін суретке түсіріп алуға дайын жүреді
Sputnik
Бұл таңғажайып кадрлар Израильде түсірілген. Мыңдаған қараторғай жыл сайын оңтүстікке қоныс аудару кезінде осы елдің үстінен ұшып өтеді.
Құстардың көбі Шығыс Еуропа мен Батыс Азиядан қоныс аударады. Олардың бір тобы Израильде қыстап қалса, қалғаны сапарын оңтүстікке қарай жалғастырады.
Топтан ажырап қалған құстар тамақ іздеумен уақыт өткізеді. Кейде олар аспанда биге ұқсайтын таңғажайып көрініс жасайды.
Олар бірдей қимылдап, аспанда абстракциялы өрнек жасайды. Қараторғайлар аспанда сағаттап "билей" алады. Фотографтар осы сәтті қалт жібермей, қанаттылар шоуын суретке түсіріп үлгереді.
Олар бір-біріне соғысып қалмас үшін арақашықтықты сақтап, қозғалыс траекториясын мінсіз сақтайды. Алайда соңғы жылдары қараторғайлар популяциясы айтарлықтай азайғаны байқалады.
1 / 10
Бір-бірімен үйлесімді ұшқан жыл құстарының үлкен тобы аспанда таңғаларлық өрнек пен абстракция жасады.
2 / 10
Қоныс аударуға асыққан бұл құстар тобын фотографтар Израильде суретке түсіріп алды.
3 / 10
Құстардың үлкен тобы көк аспанға самғап, билеп жатқандай әсер қалдырады.
4 / 10
Қараторғайлар санының көптігіне қарамастан бірдей қозғалуы таңғалдырмай қоймайды.
5 / 10
Бұл құстардың қатысуымен өтіп жатқан үлкен шоу секілді.
6 / 10
Бір топта көбіне жүзден мыңға дейін жететін құс болады.
7 / 10
Олар бір уақытта біресе жоғары, біресе төмен ұшып, үнемі бағытты жылдам өзгертіп отырады.
8 / 10
Қараторғайлар биі әрқашан әсерлі әрі әдемі көрініс.
9 / 10
Орнитологтардың айтуынша, құстардың көбі Шығыс Еуропа немесе Батыс Азиядан ұшып келеді.
10 / 10
Қараторғайлардың бір бөлігі Израильде қыстап қалса, бір тобы оңтүстікке ұшып кетеді.