Спорт

Келісімшартқа қол қойған соң үйіне келе жатқан футболшылар көз жұмды

Жол апаты 22 жастағы Жахонгир Махмұдов пен 20 жастағы Асадбек Әлімовтың өмірін қиды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанда жол апатынан екі футболшы көз жұмды, деп хабарлады turmush.kg порталы.
Ош – Баткен жолында Mercedes Benz пен Hyundai Porter соқтығысқан. Салдарынан 22 жастағы Жахонгир Махмұдов пен 20 жастағы Асадбек Әлімов көз жұмды. Тағы бір 23 жастағы футболшы жарақат алды.
Жол апатынан азғана бұрын Махмұдов пен Әлімов "Нұр-Баткен" футбол клубымен келісімшартқа отырғаны белгілі болды. Оларды Баткен қаласына шақырған. Жас жігіттердің ойыны клуб басшылығына ұнап, спортшылар келісімшартқа қол қойған. Содан кейін олар үйіне қайтып, онда 23 қаңтарға дейін болуды жоспарлапты.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды