Видео

Бүлікшілер полицейді көшенің қақ ортасында соққыға жықты – құтқару сәтінің видеосы

Полицейлер мұндай көріністі күтпеген. Олар бірер секунд не істерін білмей қалған. Кейін әріптесіне көмекке асықты
Sputnik
Алматылық полицей Ернар Әйтенов жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар әріптесін көшенің қақ ортасында ұрып соққанын айтты. 
Оқиға 5 қаңтарда полиция аға лейтенанты Әйтенов қызметте болған кезде болған. Таңертең оны Төле би және Байтұрсынов көшелерінің қиылысына жіберді, онда ол қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек еді.
Алайда наразылық білдірушілермен қақтығыс кезінде тәртіп сақшылары Сейфуллин көшесіне жіберілді. Олар Бөгенбай батыр мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында полиция қызметкерін ұстап алған адамдарды байқаған.
"Үш адам полиция қызметкерін жол қиылысының ортасына алып келді, оны тізе бүктіріп, қорқыту үшін аяусыз ұра бастады", - деді Әйтенов.
Полицейлер мұндай көріністі күтпеген. Олар бірер секунд не істерін білмей қалған. Кейін әріптесіне көмекке асықты.
Оқиға жайлы толығырақ видеодан біле аласыз.