Саясат

Үкімет халық мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс – Тоқаев

Президент үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтар үшін жұмыс істемеуі керектігін баса айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы мемлекеттік басқарудың берік негізін қалыптастыру үшін үкімет пен қоғамның моральдық стандарттарын жақсарту керек екенін айтты.
"Үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Тиімді мемлекеттік басқару тұрақты әрі шынайы болуы керек", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.
​Бүгін кәсіпкерлермен өткен жиында президент шенеуніктерге мемлекеттің мүддесін бәрінен жоғары қоятынын ескерткен болатын. Ол өзіне біреумен жақсы қарым-қатынаста болғаннан гөрі мемлекеттің мүддесі маңызды екенін атап өтті.