НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Шымкенттегі көппәтерлі үйден пышақ жарақаты салынған қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 17 қаңтарда Абай аудандық полиция басқармасына 1 мамыр көшесі бойында орналасқан пәтерден қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, марқұмның кім екенін анықтады. Жасы 27-де, мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаттары анықталды.
"Осыған байланысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары ұсталды", - дейді полицейлер.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.