НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Осы жылдың ақпан айының соңына дейін утилизациялық алым бойынша жаңа мөлшерлеме қарастырылып, бекітіледі, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.
Утилизациялық алымның коэффициенттерін қайта қарау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
"Мөлшерлеме осы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітіледі. Жұмыс тобының шешімі туралы ақпарат министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады. Сол уақытқа дейін утилизациялық алым қолданыстағы мөлшерлемемен "Жасыл даму" АҚ операторына төленеді", - делінген министрліктің хабарламасында.
Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтатуды тапсырды. Президенттің пікірінше, бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет.
19 қаңтарда Қазақстан үкіметі "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады.
Оқи отырыңыз: