Құс ұшар биіктіктен түсірілген қыстың көрікті бейнесі – фото
Қар жауған кезде, тау мен тас, өзен мен көл, жолдар, зәулім үйлер, тіпті көлік тұрағы да өзгеше кейіпке енеді
SputnikЖаңа жауған қар басқан алқап, мұзға айналған су айдындары, қамалдардың қар қонған мұнаралары...
Қыс сынды "суретшінің" арқасында айналадағы қалыпты көрініс сиқыр мен ғажайыпқа толы кейіпке енеді.
Табиғат көздің жауын алардай сұлулана түскен шақты құс ұшар биіктіктен тамашаласа, бұл көріністі бірнеше есе әсерлендіре түседі.
Қыс құрсауында жатқан табиғаттың жоғарыдан түсірілген суреттерін ұсынамыз.
1 / 15
Канададағы Квебекке жақын маңда, Ист-Болтонда орналасқан мұзға айналған жүрек пішінді Бейкер тоғаны
2 / 15
Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы Ханьданьда бетін қар басқан дала көрінісі
3 / 15
Қалың қардан кейінгі Ксорюпт-Лонжмедегі тасжол, Франция
4 / 15
Сочидегі "Роза Хутор" тау-шаңғы курорты
5 / 15
Италияның Пиццо-ди-Левико ауданындағы қар басқан егіс алқабы
6 / 15
Қытайдың солтүстік-шығыс Ляонин провинциясындағы Шэньяньдегі BMW зауытынан шығарылған су жаңа автокөліктер
7 / 15
Францияның шығысында орналасқан Оршвиллдегі Жоғарғы Кенигсбург қамалы ертегі әлеміне тап болғандай әсеге бөлейді
8 / 15
Берлиндегі Холокост құрбандарына арналған мемориал қар жауғаннан кейін тіпті сұрапыл көрінеді
9 / 15
2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарында жарыс кезінде қар үрлеуге арналған жабдықтарды сумен қамтамасыз ететін резервуар, Чжанцзякоу
10 / 15
Мамандар Щелково қалалық округіндегі Новопареево ауылында құлатылған елдің бас шыршасын Кремльдегі Собор алаңына жөнелту үшін арнайы автопойызға тиеп жатыр. Осы жылғы Кремль алаңында бой көтерген шыршаның ұзындығы 25 метр, бағанының диаметрі 60 мантиметрді құрады. Ал астыңғы бұталарының серпуі 10 метрге жетті. Жасыл желекті ағаштың жасы 96-да
11 / 15
Колорадода Copper Mountain Main Vein Superpipe сноубордта сырғанау бойынша біліктілік жарысына қатысушы өнерін көрсетіп жатыр
12 / 15
Испанияның Памплона қаласында бората жауған қарға қарамастан, адамдар тоғанды алаңда серуендеп жүр
13 / 15
Адыгейдегі Лаго-Наки үстіртіндегі қысқы орман бейнесі
14 / 15
Әйел адам Вильнюстегі беті біртіндеп мұзға айналып жатқан Нерис өзенін бойлай жалғыз кетіп барады
15 / 15
Сиэтлдегі футбол ойнын тамашалау үшін үш жанкүйер қар басқан орындықтарға жайғасты