Өңірлер

Жаңаөзендік кәсіпорын қызметкерлері президентке үндеу жолдады – видео

Олар кәсіпорын қызметкерлерді сыйақыдан айыратынына наразылық білдіріп, компанияны мемлекет меншігіне алуды сұрады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар — Sputnik. Жаңаөзендегі "Бұрғылау" ЖШС бұрғылау компаниясының 100-ге жуық қызметкері Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Lada.kz.
Өз үндеуінде олар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005-2006 жылдардағы тапсырмасына қарсы шықты. Ол кезде ірі сервистік компаниялар жеке қолға өткен болатын.
"Олар міндеттемелерін тиісті атқармады. Әлеуметтік мәселе, еңбекақы төлеу мәселелеріне байланысты қарапайым жұмысшылар соңғы қадамға баруға мәжбүр болды. Бұған 2009, 2016 жылдардағы митингілер дәлел. Біз жұмыс берушімен қайта-қайта еңбек дауын жасауға шаршадық", - дейді жұмысшылар.
"Бұрғылау" ЖШС - бұрғылау жұмыстары саласындағы Қазақстанның ірі компанияларының бірі. Мұнай-газ саласында қызмет көрсетеді, атап айтқанда, мұнай және газ ұңғымаларын салу, күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру және жою.
2018-2019 жылдары Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы 50 ірі жеке компаниялардың тізіміне кірді.
Sputnik Қазақстан тілшісі сайтта көрсетілген телефондар арқылы кәсіпорынға хабарласа алмады.