НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет 21 қаңтарда болатын ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігіне антициклон жотасы әсерін тигізетін болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек елдің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен көбінесе қар түріндегі жауын-шашын жауады, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында таңертең және күндіз желдің 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, солтүстігі мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшею мүмкін.
Түнде Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ, солтүстік-шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанған.