НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қазақстан саяси жаңғыруға негізделген бағытын өзгертпейді, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Хаос жағдайында даму, тұрақтылықты сақтау және реформалар жасау мүмкін емес. Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі", - деп жазды ол twitter-де.
Сондай-ақ ол Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайтынын атап өтті.
"Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз", - деп қосты ол.