АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбайдың туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Төлеубек Мұхамеджанұлы қазақ өнерінің қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында ұзақ жылдар қажырлы еңбек етті. Отандық кино мен телесериалдардың сәнін кіргізіп, актерлік шеберлігімен көрермендер көзайымына айналды. Ұстаз ретінде көптеген таланттардың жолын ашты. Театр және кино өнерін өркендетуге мол үлес қосқан Төлеубек Мұхамеджанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – делінген жеделхатта.
Айта кетері, 20 қаңтарда Төлеубек Аралбай 72 жасына қараған шағында дүниеден өтті.
Ол әр жылдары түсірілген "Айдаһар жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Азиат", "Қыз жылаған", "Мұстафа Шоқай", "Рэкетир",
Ол әр жылдары түсірілген "Айдаһар жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Азиат", "Қыз жылаған", "Мұстафа Шоқай", "Рэкетир",
"Ликвидатор", "Жаужүрек мың бала" сынды көптеген фильмге түскен.
2018 жылы Төлеубек Аралбай "Біздің қаланың ханзадасы" фильміндегі рөлі үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткізілген кинофестивальде "Үздік актер" жүлдесімен марапатталды.
"Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері.