Қоғам

Коронавирустың таралуы бойынша жаңа абсолютті антирекорд орнатылды

Бір күнде 16 000-ға жуық жаңа науқас тіркелді, оның 5 000-нан астамы елордада
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 15 872 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір күн бұрын 13 874 науқас тіркелген болатын.
Өңірлердегі статистика:
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 1 100 876.
Оқи отырыңыз: Оқушы саны аз мектептерге 24 қаңтардан бастап офлайн жұмыс істеуге рұқсат етілді