НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Журналистке қол жұмсап, кәсіби қызметіне кедергі келтірді деп айыпталған экс-депутат Бекболат Тілеухан жәбірленуші Айнұр Коскинадан кешірім сұрады. Бұл туралы "Информбюро" бағдарламасында айтылды.
Нұр-Сұлтанда экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатысты әкімшілік сот басталды. Процес барысында қос тарап та болған жайтты тәптіштеп айтып берді.
Шенеунік өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Тіпті жәбірленушілер жала жауып, ар-ожданымды таптағаны үшін сотқа жүгінемін деді.