Саясат

Путин Тоқаевпен де, Назарбаевпен де жақсы қарым-қатынаста – Песков

Назарбаевтың кеше, 18 қаңтарда жасаған бейнеүндеуіне қатысты Кремль қандай ойда екенін Путиннің баспасөз хатшысы айтып берді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен және бұрынғы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен жақсы қарым-қатынаста. Бұл туралы РФ басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Президент қазіргі Президентпен де, Тұңғыш президентпен де өте жақсы қарым-қатынаста. Бұл байланыс сақталады. Олар жуырда, бірнеше апта бұрын Санкт-Петербургте бәрі бас қосты. Қазіргі мемлекет басшысы Тоқаев мырза және бұл негізгі мәселе деп атап өтер едім. Ал қалғанының бәрі - Қазақстанның ішкі ісі", - деді Песков Кремль Назарбаевтың үндеуін қалай қабылдады деген сұраққа жауап бере отырып.
Еске сала кетері, қаңтар айындағы оқиғалардан кейін тұңғыш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше, 18 қаңтарда бейнеүндеу жарияланған болатын. Ол барлық өкілеттігін Тоқаевқа бергенін және қазіргі уақытта зейнетте екенін хабарлады.
Назарбаев таяуда президент Nur Otan партиясының төрағалығына сайланатынын атап өтті. Ол ел элитасында ешқандай жанжал немесе текетірес жүріп жатқан жоқ. Бұл тақырыптағы қауесеттер мүлде негізсіз, деді.