НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар - Sputnik. Байқоңыр қаласының әкімшілігі шаһар аумағында теракт жасау қаупі артқаны туралы хабарлады.
"Құқыққорғау органдарынан келіп түскен террористік акт қаупі туындауы туралы ақпаратқа байланысты әкімшілік басшысы К.Д.Бусыгин Байқоңыр аумағында 2022 жылдың 19 қаңтарында сағат 12:00-ден 3 ақпанда сағат 12:00-ге дейін террористік қауіптің жоғары ("көк") деңгейін белгілеу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған қалалық әкімшілік сайтында.
Азаматтарға мынадай нұсқаулық беріледі:
1. Көшеде, адам көп шоғырланатын орындарда, қоғамдық көлікте болған кезде мыналарға назар аудару керек:
2. Барлық күдікті жағдай туралы құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне тез арада хабарлау керек.
3. Құқыққорғау органдарына көмектесу.
4. Құқыққорғау органдарының шамадан тыс жоғары назар салуына түсіністікпен және шыдамдылықпен қарау.
5. Бейтаныс адамдардан тіпті уақытша сақтау немесе жеткізу үшін бума, қорап, сөмке, рюкзак, шабадан және басқа да заттар алмау керек. Күдікті затты байқаған жағдайда оған жақындауға, ұстау, ашуға және жылжытуға тыйым салынады, электр магнитті сәуле шығаруы жарылыс тудыруы мүмкін мобильді және радио байланыс құралдарын қолдануға болмайды.
6. Отбасындағы егде жастағы адамдар мен балаларға көшеде немесе подъезде табылған зат өмірге қауіп төндіруі мүмкін екені туралы ескерту қажет.
7. Қоғамда болып жатқан оқиғалардан хабардар болу (теледидар, радио, Интернет желісі арқылы жаңалықтар легін бақылау).
Террористер жарылғыш заттарды жасыру мақсатында қорап, сөмке, портфель, темекі қорабы, мобильді телефон, ойыншық секілді тұрмыста қолданылатын қарапайым заттарды пайдалануы мүмкін екені айтылды.
Күдікті азаматтар мен заттар туралы қайда хабарласу керек
Ресей ФҚК бөлімі әскери бөлім дала поштасы 13955 ,кезекші телефоны: 7-69-82;
"Байқоңыр" кешеніндегі Ресей ІІМБ, телефондары: 02, 7-74-00, 7-61-71, 102 –мобильді телефон арқылы;
"Ресей ТЖМ №70 Федералды өртке қарсы қызметінің арнайы басқармасы" ФМҚМ, телефондары: 7-45-87, 112 – мобильді телефон арқылы;
"Байқоңыр" кешеніндегі Ресей Федерациясы тергеу комитетінің тергеу бөлімі (басқару құқығымен), телефоны: 7-54-43;
"Байқоңыр" кешеніндегі Ведомстводан тыс күзет бөлімі (ВКБ) – "Мәскеу облысы бойынша Ресей Ұлттық гвардия әскерінің ведомстводан тыс күзет басқармасы", телефоны: 7-62-00;
"Ресейдің №1 Федералды медициналық-биологиялық агенттігінің Орталық медициналық-санитарлық бөлімі" федералды мемлекеттік бюджеттік денсаулық сақтау мекемесі, телефоны: 03, 7-54-42;
қала әкімшілігінің жедел желі телефоны: 7-54-00;
қала әкімшілігінің жедел кезекшісі, телефоны: 7-53-53, ұялы телефоны: 8-777-783-97-55.