Экономика

Қазақстандықтар айырбастау операциялары кезінде цифрлық құжаттарды қолдана алады

Сәйкес өзгертулер қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланған күннен кейін 90 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі айырбас операциялары кезінде цифрлық құжаттарды қолдану мүмкіндігі туралы хабарлады.
"Қазақстан Ұлттық банкі айырбастау пунктерінде қолма-қол шетел валютасымен операция кезінде клиенттерді сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттарды да пайдалануға мүмкіндік беретін түзетулердің қабылданғаны туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.
Сәйкес өзгертулер қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланған күннен кейін 90 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді (қаулы 2021 жылдың 29 желтоқсанында жарияланды).
Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтында танысуға болады.

Оқи отырыңыз: