Өңірлер

Видеоға түсіріп алған: Шымкентте полиция бастығына қатысты тергеу басталды

Ер адам басшысын лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және қымбат заттар сатып әперуді талап етті деп айыптады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының үстінен қол астындағы қызметкері арыз түсіргеннен кейін тергеу басталды, деп хабарлады Шымкенттің полиция департаменті.
Қызметкер ішкі істер министрлігіне арыз жазып, бейне үндеу жасаған. Осыдан кейін, оның айтуынша, белгісіз біреулер айып тағудан бас тартсаң, 10 миллион теңге береміз деген. Бұл туралы Otyrar.kz жазды.
Алайда видео мен екеуі жазысқан хаттың скриншоты әлеуметтік желіде жарияланып кетті.
"Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Мөлдір Бекеева.
Ол ішкі істер министрлігіне басшыны қызметінен босату туралы ұсыныс жіберілгенін жеткізді.