Қоғам

Димаш Instagram-ға оралып, желіде жоғалып кету себебін түсіндірді

Ол 25 наурызда екі жылдық пандемиядан кейін Дубай қаласында жеке концерті өтетіндігін хабарлады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Әлемдік беделге ие болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне Instagram-да неге көрінбей кеткенін айтты.
"Қымбатты достар! Менің инстаграм парақшам бұғатталып, өздеріңізбен біраздан бері байланысу мүмкін болмады. Мені іздеп жазған толассыз хаттарыңыз бен қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Сіздерді қатты сағындым, құрметті достар!", - деп жазды ол.
Ол сондай-ақ 25 наурызда екі жылдық пандемиядан кейін Дубай қаласындағы Coca Cola аренада жеке концерті өтетіндігін хабарлады. Димаштың айтуынша, концерт билеттері туралы ақпарат сторис пен профиль сілтемесінде.
Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген: Биліктегі азаматтар қордаланған мәселелерді шешсін