Экономика

"Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу басталды

Бас прокуратура бәсекелестікті қорғау агенттікпен бірлесіп, нарықтың 102 субъектісіне, соның ішінде сауда-саттық ұйымдастырушыларына қатысты тексеріс бастады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Бәсекелесті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қазақстандықтардың шағымы бойынша "Яндекс.Такси" тексеріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Бас прокуратура агенттікпен бірлесіп, нарықтың 102 субъектісіне, соның ішінде сауда-саттық ұйымдастырушыларына қатысты тексеріс бастады.
"Қосымша жедел желі бойынша алынған шағымдар аясында агенттік "Яндекс. Такси" агрегаторына қатысты экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша тергеу тағайындады", - деді Жұманғарин үкімет отырысында.
Сонымен қатар, хабарламаны орындамау фактісі бойынша "ЕТС-Тендер" тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушысына қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.