Қоғам

ІІМ арнайы бөлімше қызметкерлерінің жалақысын көтереді

Министрдің айтуынша, материалдық базаны нығайту үшін үкімет резервінен қаржы бөлінген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол, ең алдымен арнайы бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарда бар екенін мәлімдеді.
Айтуынша, материалдық базаны нығайту үшін үкімет резервінен қаржы бөлінген.
Сондай-ақ жеке құрамның әскери рухын көтеру үшін Отанды сүюге, қызметтік міндетке адал болуға тәрбиелеу жөнінде іс-шара жоспары бар. Қиындыққа шыдау, төзімділік бойынша арнайы тренингтер ұйымдастырылды.
"Ынталандыру, қызметкерлердің еңбегін бағалау тұрақты жүзеге асырылуда. Мәселен, төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге 150 мың теңге, курсанттар мен әскерилерге бағалы сыйлықтар беріледі", - деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, ІІМ барлық күш органының арнайы бөлімшелерінде істейтін қызметкерлердің жалақысын ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Оқи отырыңыз: Қаза тапқан полицейлердің отбасына қанша өтемақы төленеді